АЛМАТЫДА KazNARU ҚАТЫСУЫМЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН AI HACKATHON ӨТЕДІ

2026 жылғы 3–4 сәуірде Алматы қаласындағы Farabi Hub алаңында AI Talents Almaty білім беру жобасы аясында 9–11 сынып оқушыларына арналған хакатон өтеді. Қатысушыларды тіркеу жобаның ресми платформасында ашық.
Аталған іс-шара мектеп оқушыларының жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи бағыттармен танысуына, практикалық дағдыларын дамытуына, командамен жұмыс істеуіне және жобалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Хакатон бағдарламасында:
-
AI және IT саласындағы сарапшылар мен практиктердің баяндамалары;
-
технологиялық компаниялар мен стартаптардың шеберлік сабақтары;
-
заманауи жобалардың таныстырылымы;
-
университеттер мен ұйымдардың көрме аймағы.
Хакатонның бірлескен ұйымдастырушылары қатарында Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы, Алматы қаласының Білім басқармасы, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен ұйымдары бар. Олардың қатарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU), Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Turan университеті, Халықаралық инженерлік-технологиялық университет, Qazaq Youth Science Hub, Almaty Hub, Q-Study International, сондай-ақ технологиялық компаниялар мен AI-стартаптар бар.
Хакатон технологияға, бағдарламалауға және инновацияға қызығушылық танытатын дарынды мектеп оқушыларын біріктіріп, оларға өз идеяларын ұсынуға, сарапшылардан кері байланыс алуға және технологиялық кәсіпкерлік әлеміне алғашқы қадам жасауға жол ашады.
Жүлде қоры:
-
І орын — 250 000 теңге
-
ІІ орын — 200 000 теңге
-
ІІІ орын — 150 000 теңге
Тіркелу сілтемесі: hackathon.aitk.kz


