KazNARU ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСІП, БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІН ТАНЫСТЫРУДА
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы еліміздің түрлі өңірлерінде түлектермен кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі, әрі белсенді түрде жүргізуде.
Атқарылған жұмыстардың басты мақсаты – мектеп және колледж бітіруші түлектерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, сондай-ақ университеттің білім беру мүмкіндіктерін жан-жақты таныстыру.
«Ветеринария және зооинженерия» факультетінің профессор-оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмыстарын жоспарлы түрде жүзеге асыруда. Атап айтқанда, «Н.Базанова атындағы жануарлар биологиясы» кафедрасының оқытушылары Қ.Ж. Исхан мен А.К. Несіпбаева, «Ветеринариялық санитария» кафедрасының меңгерушісі М.О. Токаева, сондай-ақ «Клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары Д.Б. Зиябек пен Ш.Т. Кенжеев М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде бітіруші түлектермен кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді. Сонымен қатар, аға оқытушы А.К. Несіпбаева Алматы Еуразиялық колледжінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессор-оқытушылары да бұл бағыттағы жұмысты белсенді жалғастыруда. Ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор У. Омарбекова, қауымдастырылған профессорлар Б. Отарбаев пен Г.Е. Турганбаева, аға оқытушы Р. Базарбаев және ассистент Н. Матенова Еуразия агротехникалық колледжінде, сондай-ақ Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы білім беру ұйымдарында бітіруші түлектермен кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, факультет оқытушылары еліміздің өзге өңірлерінде де кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. PhD, қауымдастырылған профессор Ж.Ж. Бименова Түркістан облысы Отырар ауданының Көксарай ауылындағы М.Әуезов атындағы және Маяқұм ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептерде кездесулер өткізді.
«Ветеринариялық санитария» кафедрасының аға оқытушысы А.Д. Узынтлеуова Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы №26 орта мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры Г.Д. Ильгекбаева, қауымдастырылған профессорлар Г.Е. Турганбаева мен Б.К. Отарбаев Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектептің 11 «А», «Ә» сыныптарының және А.Бертаева атындағы орта мектептің 11 «А», «Ә», «Б» сыныптарының түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді.
«Инженерлік технологиялар» факультетінің оқытушылары да кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүзеге асыруда. «Энергетика және электротехника» кафедрасының аға оқытушылары А.С. Талдыбаева мен Н.И. Молдыбаева Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында түлекпен кездесті. Сонымен қатар, PhD докторы М.Т. Абдирова және ассистент, магистр Д. Сарсенбекұлы Алматы қаласындағы №1 мектеп-гимназиясы мен Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г.Н. Скабаева мен аға оқытушы Н.Н. Самбеткулова №79 гимназияда, ал аға оқытушы А. Тасиева Алматы облысы Кеген ауданындағы Қ.Байғабылұлы атындағы орта мектепте кездесулер өткізді. Сонымен қатар, факультет оқытушылары М.Т. Жетпейсов пен А. Күнтуғанқызы Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінде кәсіби бағдар жұмыстарын ұйымдастырды.
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушылары, PhD А. Алмаганбетова мен Д. Жәлелов Алматы қаласындағы №121 жалпы білім беретін мектепте түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Агробиология» факультетінің «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының профессоры Т.А. Атақұлов Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мектеп және колледж түлектерімен кездесулер өткізіп, аграрлық сала мамандықтарының маңызы мен болашағы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының аға оқытушысы, в.ғ.к. Г.М. Нургожаева Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Қаскелең қаласындағы «Жайлы мектепте» өткен «Мамандықтар галереясы» атты іс-шара аясында университеттің Бизнес және құқық жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы оқушылармен кездесіп, мамандық таңдаудың негізгі критерийлері туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, университеттің білім беру бағдарламалары таныстырылып, оқу орнының мүмкіндіктері кеңінен насихатталды. Құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. Е.Д. Абилкасымов Қараой ауылдық округіне қарасты №14, №18, №26, №49 және №50 мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы алғанда, жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмыстары мектеп және колледж түлектерінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал етіп, университеттің білім беру әлеуетін кеңінен танытуға мүмкіндік берді.
KazNARU Баспасөз қызметі
