KazNARU-да «ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
2026 жылғы 19 наурызында Жаңару күніне орай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен бірлесе Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы мен аңшылар және балықшылардың «AYALA» Ұлттық палатасының бірлескен ұйымдастыруымен «Жабайы табиғатты қорғау және тұрақты дамыту» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – жабайы табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық ағартуды дамыту және табиғат пайдаланудың тұрақты модельдерін қалыптастыру мәселелерін кеңінен талқылау болды.
Кездесу кәсіби пікір алмасу алаңына айналып, оған ғылыми қауымдастық өкілдері, табиғатты қорғау мекемелерінің мамандары, қоғамдық ұйым мүшелері және экология, биология, табиғи ресурстарды басқару саласының сарапшылары қатысты.
Семинар жұмысына төмендегі сала мамандары мен сарапшылар қатысып, өз баяндамалары мен ұсыныстарын ортаға салды:
- Батыржан Сейдомар – аңшылар мен балықшылардың «AYALA» Ұлттық палатасының атқарушы директоры, номадтанушы, натуралист, семинар модераторы;
- Укенова Эльмира Абаевна – биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Топырақтану, агрохимия және экология кафедрасының аға оқытушысы, Agro эко-клубының жетекшісі;
- Биғазинова Жанерке Жанболатқызы – Алматы мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту бөлімінің басшысы;
- Усербаева Салтанат Амантаевна – «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми-зерттеу жұмыстары және таулы агробиоалуантүрлілік бөлімінің басшысы;
- Гумирова Ольга Николайқызы – «Таңбалы тас құмарлары» қоғамдық қорының атқарушы директоры;
- Акоев Мухит Турсынханович – «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Жануарлар дүниесін қорғау қызметі басшысының орынбасары;
- Байбатшанов Мұхтар Қасенұлы – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйені сақтаудағы рөлі, жануарлар мен құстар популяциясын ғылыми мониторингтеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи мұраны қорғау және жауапты аңшылық шаруашылығын дамыту мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар табиғатты пайдалану ісіндегі тұрақты тәсілдер мен экологиялық ағартудың өзекті бағыттары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның табиғи мұрасын сақтау, экожүйелердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған жаңа бастамалар мен практикалық ұсыныстар әзірлеу қажеттігі атап өтілді.
Осындай мазмұнды басқосулар ғылыми қауымдастық, табиғат қорғау ұйымдары мен қоғамдық институттар арасындағы өзара байланысты нығайтып, қоршаған ортаны қорғау ісіндегі нақты әріптестікті дамытуға жол ашады.
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

