ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ
Наурыз мерекесінің шуақты қарсаңында KazNARU-да ұйымдастырылған дәстүрлі жәрмеңке қызметкерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған тағылымды шараға айналды. Көктемнің жаңаруымен үндескен бұл игі бастама әр жүрекке жылулық пен шаттық ұялатты.
Жәрмеңкеде ұсынылған өнімдердің түр-түрі мен молшылығы көпшіліктің көңілінен шықты. Қызметкерлер нарықтағы бағадан әлдеқайда тиімді ұсынылған жылқы, сиыр және қой еттерін, арнайы сүрленген еттерді тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, ұлттық тағамдарымыздың мәйегі саналатын Наурыз көжеге қажетті жеті түрлі дәмнің бір жерден табылуы жәрмеңкенің мәнін арттыра түсті.
Сүт өнімдері де кеңінен ұсынылып, дастарханның берекесін келтірер құрт, айран, қымыз, қарын май, ірімшік және тағы басқа табиғи өнімдер көпшілікке қолжетімді болды. Бұдан бөлек, шұжық өнімдері мен қатырылған балық котлеттері де сатылымға шығарылды. Ал алма, банан, мандарин секілді жеміс-жидектер мен қызанақ, қияр секілді тағы да басқа көкөністер де болды.
Бұл тек тиімді сауда алаңы ғана емес, ұжымдық бірлікті бекемдейтін шара. Жәрмеңке алаңында шат күлкі мен ақжарқын әңгіме өрбіп, Наурыздың шынайы рухы сезілді.
Осындай игі істі ұйымдастырған оқу орнының басшылығына қызметкерлер шынайы ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да жиі өткізіліп тұрса деген ізгі тілектерін жеткізді.
KazNARU Баспасөз қызметі

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

