KazNARU-да ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІНЕ ОРАЙ СӘНДІ ДЕФИЛЕ ӨТТІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 2026 жылғы 18 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне арналған сәнді дефиле жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Салтанатты шараға университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры, проректорлар, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосты. Көрсетілім барысында қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.
Дефиле аясында камзол, шапан, тақия секілді қазақтың дәстүрлі киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір образ халқымыздың бай мәдени мұрасы мен эстетикалық талғамын айқын бейнелеп, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Ұлттық нақыштағы сән үлгілері ата-баба дәстүрінің сабақтастығын көрсетіп, рухани құндылықтардың маңызын терең сезінуге мүмкіндік берді.
Мерекелік дефиле университет ұжымының бірлігі мен рухани жаңғыруға деген ұмтылысын айқындап, Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсті. Осындай тағылымды шаралар арқылы ұлттық болмыс жаңғырып, жас ұрпақтың санасында төл мәдениетке деген құрмет арта түсуде.
Университет қабырғасында Наурыз мейрамын тойлау шаралары бұдан әрі де өз жалғасын тауып, мерекенің мәні мен маңызы кеңінен дәріптеле бермек.