ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«СТАРТАП – ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НЫСАНЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

ҚазҰАЗУ студенттері арасында бизнес ортаны дамыту аясында «Заманауи экономикадағы кәсіпкерлік және стартаптар» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шара студенттердің инновациялық бизнес және стартап-жобаларды дамыту саласындағы білімін арттыруға бағытталды. Дәріске Бизнес және құқық жоғары мектебінің экономика, құқықтану және қаржы білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Жалпы саны – профессор-оқытушылар құрамын қоса алғанда 45 адам.
Дәрістің негізгі мақсаты – тыңдаушыларды кәсіпкерлік қызметтің басты қағидаттарымен, стартап құру ерекшеліктерімен, олардың даму кезеңдерімен және қаржыландыру көздерімен таныстыру болды. Іс-шара барысында инновациялық жобаларды жасаудың заманауи тәсілдері, соның ішінде минималды өміршең өнім (MVP) тұжырымдамасы, бизнес-гипотезаларды тексеру және масштабтау стратегиялары қарастырылды.
Сондай-ақ шағын жобадан халықаралық компанияға дейін өскен табысты IT-стартаптар мысалдарына ерекше назар аударылды. Қатысушылар инновациялық ойлаудың маңыздылығы, технологиялардың бизнесті дамытудағы рөлі және кәсіпкерліктің экономика үшін мәні туралы ақпарат алды.
Дәріс студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын, стратегиялық ойлау қабілетін дамытуға және өз бизнесін құру мүмкіндіктерін түсінуге ықпал етті. Қатысушылар стартап-идеяның қалай қалыптасатыны, оны жүзеге асыру үшін қандай кезеңдерден өту қажеттігі және жобаның табысты болуына әсер ететін факторлар туралы практикалық білім алды.
Осындай білім беру іс-шараларын өткізу жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыруға, инновациялық белсенділікті қолдауға және бәсекеге қабілетті жобаларды құрып, дамыта алатын болашақ мамандарды даярлауға бағытталған.
Дәріс соңында практикалық бөлім ұйымдастырылып, студенттер бір компания қызметкерлері ретінде командада жұмыс істеп көрді, сондай-ақ сарапшы-жұмыс берушілер рөлінде болып, команданың күшті және әлсіз тұстарын анықтады.
Іс-шара соңында топтық фотоға түсіру ұйымдастырылды. Аталған іс-шара ҚазҰАЗУ-дың Бизнес және құқық жоғары мектебі мен Жасыл және тұрақты даму институтымен бірлесіп өткізілді.
 
Өткізілген орны: ҚазҰАЗУ, 3-оқу ғимараты, 417-аудитория
Уақыты: 11:00–12:00
Күні: 2026 жылғы 18 ақпан
---------Chatbot---------
виртуальный помощник