KazNARU-да COCA-COLA ҚОЛДАУЫМЕН ЭКОКОНКУРС ӨТТІ
KazNARU-дың Жасыл және тұрақты даму институтының бастамасымен және Coca-Cola компаниясының қолдауымен пластик қалдықтарды азайту, қайта өңдеу және тұрақты даму принциптерін насихаттауға бағытталған экологиялық конкурс өтті.
Конкурс пластикті қайта өңдеу мәселелеріне қызығушылық танытатын студенттерді, жас зерттеушілер мен экобелсенділерді біріктірді. Іс-шара барысында қатысушылар пластик қалдықтарды кәдеге жарату мәселесіне жастардың назарын аударуға бағытталған интерактивті акцияға қатысты.
Іс-шараның айрықша сәті — қатысушылардың пластик қалдықтарды баскетбол сақинасына тастауы болды. Бұл шығармашылық тәсіл экологиялық мәселені ойын арқылы жеткізіп, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті санаға сіңірудің тиімді жолына айналды.
Coca-Cola өкілдері қатысушылардың белсенділігін атап өтіп, студенттерді өзекті экологиялық мәселелерді шешуге тартудың маңыздылығын баса айтты.
Конкурс қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар сусындармен марапатталды, қонақтарға алғыс сертификаттары табысталды.
Экоконкурс тұрақты болашақ идеяларын алға жылжытуға, тәжірибе алмасуға және KazNARU студенттері арасында экологиялық мәдениетті нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.
KazNARU Баспасөз қызметі







