ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ - ҰЛЫҚТАУ
18 ақпанда 2026 жылы «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессор оқытушы құрамы Кулатаев Б.Т., Жумагалиева Г.М., докторант Бұрханова Б. мен МШ 24-01 – топ студенттерімен Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларын ұлықтауға арналған іс-шарасы өткізілді.
Ұлы тұлғаларды ұлықтаудың басты мақсаты — тарихи тұлғалардың өмірі мен өлмес еңбектерін дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, рухани-мәдени құндылықтарды сіңіру, өткен тарихты құрметтеуге және ұлттық кодты сақтауға баулу.
Әлемде барша халық тарихи тұлғаларымен мақтанады. Ұрпақ тәрбиелеп, өткенді өнеге етуде орныққан дәстүріміз бар.
Мемлекет басшысының өзі елге айрықша еңбек сіңірген, халық жадынан өшпейтін азаматтарды ұлықтаудың маңызды іс екеніне ерекше назар аударды.
«Төл тарихынан алыстаған адам өз тамырынан ажырайды.
Сондықтан өскелең ұрпақ үшін бұл іс-шараның айрықша мәні мен маңызы бар. Біз бүгін ел тарихында ерекше орын алатын алып тұлғалардың өнегелі өмірі мен еселі еңбек жолын еске алып отырмыз. Олардың есімі әр отандасымыздың жадында жаңғырып тұруы тиіс», деді кафедра меңгерушісі Бейбіт Құлатаев.
Біздіңше, кез келген шараның бірінші тәрбиелік мәніне ықылас қойған жөн. Тарихи тұлғаның, жеке адамның қайталанбас қасиеттері мен атқарған өнегелі ісін көпшілікке танытып, жеткізу жаңашылдықты, жан-жақты шығармашылық ізденісті талап етеді.
Іс-шара барысында студенттер есте қаларлық тағылымы мол, ұрпақтар сабақтастығын, жастарды рухтандырып, ертеңгі күнге сенімін арттыратын арқылы ұлттық рух, адамгершілік, отбасылық тәрбие секілді маңызды құндылықтардың мәнін терең түсінді.
Ата-бабаларымыздың мұрасын дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың жәй міндеті емес, қастерлі міндеті, келешек ұрпақ үшін құнды мұра болмақ. Бұл өз кезегінде, біздің қаһармандарымыздың өмірі мен қызметін елімізге ғана емес, шетелдерге танытуға да зор мүмкіндік тудыратыны даусыз.
Топ кураторы «Зооинженерия және биотехнология»
кафедрасының аға оқытушысы Жумагалиева Г.М.
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
