БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ
16.02.2026 күні «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы Ғабит Гүлзат Ғабитқызы МШ-25-01К тобының студенттерімен «Белсенді студент – белсенді қоғам» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: Студенттердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту, азаматтық жауапкершілігін арттыру және белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру. Шара барысында қатысушылар екі топқа бөлінді: «Заманауи жастар» және «Ата кәсіп». Әр команда өз бағыты бойынша қоғамдағы белсенді студенттің рөлін талдап, көшбасшылық қасиеттердің маңызын дәлелдеуге тырысты.
«Заманауи жастар» тобы қазіргі цифрлық қоғамдағы студент көшбасшылардың бастамашылдығы, инновациялық ойлауы, әлеуметтік желідегі белсенділігі және еріктілік қызметі туралы ой қозғаса, «Ата кәсіп» тобы ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі тәрбиенің көшбасшылық қалыптастырудағы рөліне тоқталып, рухани негізі мықты тұлға ғана қоғамды алға жетелей алатынын атап өтті.
Дебат барысында студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, қарсы тараптың пікіріне нақты дәлелдермен жауап берді. Бұл олардың сыни ойлау, шешендік өнер және командамен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар іс-шара аясында халық арасында интервью жүргізіліп, белсенді студент туралы қарапайым халықтың пікірлері жинақталды. Көпшілік студенттің тек білім алушы емес, бастамашыл, жауапты әрі үлгі боларлық көшбасшы болуы керектігін атап өтті.
Шығармашылық бөлімде командалар «Қиялдағы қоғам» тақырыбына бейнеролик дайындап, болашақтағы белсенді әрі көшбасшы жастар қалыптастыратын қоғам моделін ұсынды. Видеороликтер студенттердің креативтілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін айқындады.
Іс-шара студенттердің көшбасшылық қабілетін ашуға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және өз позициясын сенімді қорғауға бағытталды.
«Зооинженерия және биотехнология»
кафедрасының аға оқытушысы
Ғабит Гүлзат Ғабитқызы
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
