ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«МЕНТАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ – 2026» АПТАЛЫҒЫ: ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ – КӘСІПҚОЙЛЫҚҚА ЖОЛ

Біздің факультетте «Менталды денсаулық – 2026» апталығы аясында «Self-management» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Вет-25-11К (Аллабергенова Ару), Вет-25-12К (Шытырбаева Замзагуль), Вет-24-10К (Жылкышыбаева Меруерт) топтары және кураторлары қатысты. Бұл іс-шара заманауи студент үшін уақытты тиімді басқару, кәсіби өмірдегі шаршаудың алдын алу және жауапкершілікті арттыру мәселелерін қамтыды.

Негізгі тақырыптар:

  • Уақытты тиімді жоспарлау және басқару
  • Кәсіби шаршаумен (burnout) күрес стратегиялары
  • Жеке тиімділікті арттыру жолдары
  • Жауапкершілік пен мотивацияны нығайту

Мастер-класс барысында болашақ ветеринария мамандары өз күндерін қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін, ауыр оқу жүктемесіне қарамастан ішкі тепе-теңдікті сақтауды үйренді. Бұл дағдылар студенттердің академиялық тиімділігін арттырып қана қоймай, болашақта күрделі клиникалық жағдайларда тез шешім қабылдауға дайындалуына көмектеседі.

Болашақ мал дәрігерлері үшін өзін-өзі басқару - кәсіби біліктіліктің маңызды құрамдас бөлігі. Себебі олар бір минуттың өзінде шешілуі тиіс маңызды шешімдер қабылдайтын мамандық иелері болмақ.

«Менталды денсаулық – 2026» апталығы университетіміздің психологиялық қолдау қызметімен ұйымдастырылды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник