ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«МЕНТАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ – 2026»: ИНТЕРНЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ АШЫҚ ЛЕКЦИЯ ӨТТІ

✅ 2026 жылғы 10 ақпанда университетімізде “Harmony” Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Менталды денсаулық – 2026» апталығы аясында «Психологсыз психология: интернет бізге көмектесе ме? Google, TikTok немесе ChatGPT?» тақырыбында ашық лекция өтті.
✅ Іс-шара студенттердің заманауи ақпараттық кеңістікте психологиялық көмек іздеу ерекшеліктерін түсіндіруге, интернеттегі психологиялық контенттің пайдасы мен қауіптерін ажырата білуге, сыни ойлау дағдыларын дамытуға және кәсіби психологиялық көмектің маңызын ұғындыруға бағытталды.
✅ Ашық лекцияны қызмет жетекшісі Кольбаева Динара Достаевна ашып, апталықтың басты мақсаты – жастардың психологиялық сауаттылығын арттыру, эмоционалдық мәдениетін қалыптастыру және саналы түрде көмекке жүгіну дағдысын дамыту екенін атап өтті.
✅ Лекция спикерлері ретінде Almaty Clinic жанындағы Жастар денсаулығы орталығының клиник психологтары Керимова Кристина Александровна және Сайпова Айжан Фарахадқызы сөз сөйлеп, интернет кеңістігіндегі психологиялық кеңестердің ерекшеліктері туралы кәсіби пікірлерімен бөлісті.
✅ Мамандар студенттермен бірге интернеттегі психологиялық кеңестердің сенімділігі, өзін-өзі диагностикалаудың шектеулері, әлеуметтік желідегі «псевдопсихологияның» қауіптері және қандай жағдайда міндетті түрде маман көмегіне жүгіну қажеттігі сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, шынайы психологиялық қолдау мен онлайн-контенттің айырмашылығы түсіндіріліп, қатысушылардың өз тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік берілді.
✅ Кездесу интерактивті форматта өтіп, студенттер сұрақтар қойып, нақты өмірлік жағдайларды талқылауға белсенді қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар психологиялық көмекке жүгінуден қорықпау, интернеттегі ақпаратты сыни тұрғыдан саралай білу және өз менталды денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі жөнінде маңызды қорытындылар жасады.
✅ Қосымша ақпарат:
“Harmony” Психологиялық қолдау қызметі
1А корпус, 28-кабинет
Instagram: @psychology_kaznaru
Тел.: +7 (777) 684-43-23; +7 (705) 161-28-97
---------Chatbot---------
виртуальный помощник