ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ТАЛАПКЕРЛЕР ҮШІН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ ӘЛІ ДЕ ЖАЛҒАСУДА

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы жастарға кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. Осы аяда «Құқық» кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты, доцент Абилкасымов Е.Д. «Әділет» колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

✅Кездесу барысында студенттерге заң саласындағы мамандықтардың ерекшеліктері, осы бағыттағы кәсіби мүмкіндіктер, сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде құқық саласы бойынша білімін жалғастыру жолдары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар кәсіби даму мен мансаптық өсу перспективалары кеңінен түсіндіріліп, бұл шара студенттердің болашақ мамандықты саналы түрде таңдауларына оң ықпал етті. Аталған кәсіби бағдар беру іс-шарасы колледж студенттеріне өздерінің болашақ кәсіби бағытын айқындауға мүмкіндік берді.

✅Сонымен қатар «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің «Ветеринариялық санитария» кафедрасының аға оқытушысы Ергумарова М.О. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған орта мектебінің 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Аталған мектепте 11-сыныпта барлығы 8 сынып оқып, бітіруші түлектер саны 156 оқушыны құрайды.

✅Жоғары сынып оқушыларына университеттің білім беру бағыттары, аграрлық саланың болашағы мен оның ел дамуындағы маңызы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметінің мүмкіндіктері туралы кеңінен мәлімет берілді. Бұдан бөлек, университеттің құрылымы, оқу-тәрбие үдерісі, білім беру бағдарламалары, студенттерге жасалатын әлеуметтік және академиялық жағдайлар, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, өндірістік тәжірибеден өту және түлектерді жұмыспен қамту мәселелері жан-жақты таныстырылды.

✅Аталған кәсіби бағдар беру іс-шаралары жастардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беріп, олардың жоғары оқу орнына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

KazNARU Баспасөз қызметі

Возможно, это изображение учеба и текст

Нет описания фото.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник