ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМ KazNARU ЖАС ҒАЛЫМДАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы ЖОО-ның диссертациялық кеңестерінде өз жұмыстарын сәтті қорғаған бір топ жас ғалымдарға «Жоғары оқу орнының белгіленген үлгідегі философия докторы (PhD)» дәрежесі иегерлерін марапаттау рәсімін өткізді.

✅Университет өміріндегі аса маңызды, салтанатты іс-шараға университет басшылығы, кафедра меңгерушілері, ғылыми кеңесшілер мен жас ғалымдар, ата-аналар қатысты.

✅Университет басшысы А.Күрішбаев өзінің құттықтау сөзінде докторантураны жемісті аяқтаған жас ғалымдарға болашақта табыс тілеп, олардың ғылыми-техникалық бағдарламаларға және халықаралық жобаларға қатыса отырып, Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

✅ Салтанатты жиында отандық ғылымның сапына қосылған жас докторанттар алдында KazNARU 6D120100 – «Ветеринариялық медицина» мамандығының Философия докторы Садуакасова Меруерт Акберовна, 8D08302 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасының Философия докторы Сагынбаева Айнұр Бағдатқызы және «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің» Агрономия білім беру бағдарламасының Философия докторы Ахмедова Гульмира Байгенжевна, ғылыми кеңесшілері атынан Адылканова Шолпан Рахимбековна – а.ш.ғ.д., «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессоры және ата-аналар атынан Тасыбаева Гулназ Токтакыновна мен Қаратаева Ұлмекен Құрманбекқызы жылы лебіздерін білдірді.

✅ «Философия докторы» дәрежесін алған 14 жас ғалымды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта туған Отанға адал қызмет етіп, ғылым көгінде жарқырап көріне берулеріне тілектеспіз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник