ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

✅ 2026 жылдың 4 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Ақмола облысының мектеп түлектеріне арналған «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытындағы онлайн және офлайн форматта кездесу өтті.

✅ Іс-шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, түлектерге университеттің білім беру мүмкіндіктері мен артықшылықтары кеңінен таныстырылды.

✅ Ақмола облысының 517 мектебінен 6695 түлек онлайн форматта қосылды. Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған бұл шара мектеп бітірушілері үшін кәсіби бағдар алуға үлкен мүмкіндік берді.

✅ Кездесуге Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Балташева Айнагул Қыдырбайқызы, Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Туткабаева Бакытжан Жаулыбаевна қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ KazNARU басқармасы, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.

✅ Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы университеттің даму бағыттары мен жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы баяндама жасады.

✅ Іс-шараны қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізді.

✅ Кездесу барысында Ақмола облысынан келіп, оқып жатқан үздік, әрі белсенді студенттер – мемлекеттік грант иегерлері өз жетістіктерімен бөлісіп, университетте сапалы білім мен жан-жақты дамуға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник