ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАҒДАР

Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мектептермен өзара ынтымақтастықты жүйелі түрде жалғастырып келеді.

✅Атап айтқанда, «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы Женисова А.Е. Алматы қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының 11-сынып түлектерімен кездесу өткізіп, университеттің білім беру бағдарламалары, мамандықтардың ерекшеліктері мен болашақтағы еңбек нарығындағы сұраныс туралы кеңінен ақпарат берді.

✅Сонымен қатар, аталған кафедраның оқытушылары Қалиева М.С. пен Қасымхан А.Қ. Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназиясында 9–10–11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бағытындағы кездесулер ұйымдастырып, оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы, аграрлық саладағы заманауи мүмкіндіктер мен университетте білім алудың артықшылықтары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

✅Осындай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал етіп, жоғары оқу орны мен мектептер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. KazNARU профессор-оқытушылар құрамы тарапынан кәсіби бағдар беру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірдегі және қала мектептерін қамту аясын кеңейту жоспарлануда.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник