ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ

«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының, «Инженерлік технологиялар» факультетінің 3 курс студенті, ПБ 23-09К тобының білім алушысы Алдибек Алуа бір семестр көлемінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Венгрия еліндегі Hungarian University of Agriculture and Life Sciences жоғары оқу орнында білім алып, оқуын сәтті аяқтады.

✅Шетелдік университетте оқу барысында Алдибек Алуа тағам өнімдерін өңдеудің заманауи технологиялары, тағам қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп саласындағы инновациялық тәсілдерге қатысты бірқатар кәсіби пәндерді меңгерді. Оқу үдерісі еуропалық білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылып, теория мен практиканың тиімді үйлесуіне негізделді.

✅Бағдарлама аясында студент зертханалық жұмыстарға, оқу-тәжірибелік жобаларға, ғылыми талқылауларға белсенді қатысып, кәсіби құзыреттілігін арттырды. Халықаралық академиялық ортада білім алу оның аналитикалық ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын, коммуникативтік мәдениетін және шет тілін меңгеру деңгейін дамытуға зор мүмкіндік берді.

✅Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасы студентке Венгрия елінің мәдениетімен, білім беру жүйесімен танысуға, шетелдік студенттер мен оқытушылармен тәжірибе алмасуға жағдай жасады. Бұл тәжірибе болашақта бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

✅Кафедра студенттерінің академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуы білім сапасының жоғары деңгейін және халықаралық әріптестік байланыстардың нығаюын көрсетеді.

✅Алдибек Алуаны академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтауымен құттықтай отырып, алдағы оқуына, ғылыми және кәсіби қызметіне табыс тілейміз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник