ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ҚазҰАЗУ-дың «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ САПАСЫ РЕФЕРЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНДА» АТУ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЫ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы референттік орталығында Алматы технологиялық университетінің (АТУ) профессор-оқытушылары үшін «Тағам өнімдерінің заманауи технологиялары және оларды талдау әдістері» тақырыбында біліктілікті арттыру бойынша тәжірибелік оқыту өткізілді.

✅Оқыту бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау әдістері қарастырылып, зертханалық талдау жүргізудің практикалық дағдылары меңгерілді.

✅Қатысушылар заманауи зертханалық-аналитикалық құрылғыларда тәжірибелік жұмыстар орындады. Атап айтқанда, MilkoScan құрылғысында сүт және сүт өнімдерінің негізгі көрсеткіштерін (ақуыз, май, лактоза, құрғақ зат үлесі және т.б.) жедел анықтау әдістемесі таныстырылды.

✅Сонымен қатар, Foss Somatic аппараты көмегімен сүттегі соматикалық жасушалар саны анықталды. Хроматографиялық жүйеде ауыл шаруашылығы және тағам өнімдеріндегі антибиотик қалдықтарын анықтау әдістері түсіндіріліп, талдаудың негізгі кезеңдері көрсетілді. Ал Soxhlet құрылғысында тағам өнімдеріндегі май үлесін экстракциялық әдіспен анықтау бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.

✅Аталған іс-шара жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник