KazNARU ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БОЛАШАҚ «ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламаларының 2025 жылғы иегерлерінің тізімі жарияланды. Аталған мәртебелі «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының тізіміне Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) үш бірдей қызметкері енді.
Атап айтқанда, Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының профессоры, э.ғ.к., қабылдау комиссиясының директоры Қайырбаева Айнұр Елтайқызы, «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Хазимов Жанат Мукатович, сондай-ақ «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының PhD докторы Тастемирова Бактыгуль Ельденовна «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында халықаралық деңгейде білімін жетілдіру және кәсіби тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болды.
Бұл тағылымдамалар отандық ғылым мен өндірістің дамуына серпін беріп, заманауи білім мен озық тәжірибені елімізге трансферттеудің маңызды құралы саналады.
Биіктен көрінген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта бастаған барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Қызмет жолында кәсіби кемелдікке жетіп, абырой-беделдеріңіз арта берсін.
KazNARU Баспасөз қызметі
