KazNARU – САНАЛЫ ТАҢДАУ МЕН КӘСІБИ БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
2025 жылдың 22 желтоқсанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Еуразия агро-техникалық колледжінің бітіруші түлектеріне арналған көшпелі Ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға аталған колледждің 363 бітіруші студенті қатысып, өздерінің болашақ мамандығы мен жоғары білім алуға қатысты маңызды ақпарат алды.
Ашық есік күнінің басты мақсаты – колледж түлектерін KazNARU-дың білім беру мүмкіндіктерімен жан-жақты таныстыру, аграрлық және техникалық бағыттағы сұранысқа ие мамандықтар туралы толық мәлімет беру, сондай-ақ талапкерлердің жоғары оқу орнына түсуге деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шараны KazNARU қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, өзі жүргізді. Кездесу барысында ол университетте оқытылатын білім беру бағдарламаларына кеңінен тоқталып, соңғы жылдары бөлініп отырған мемлекеттік гранттар санына нақты талдау жасады. Түлектердің тегін білім алуға, ай сайын шәкіртақы иеленуге, сондай-ақ әскери кафедрада даярлықтан өтуге толық мүмкіндіктері бар екенін деректер мен дәлелдер негізінде түсіндіріп өтті.
Университет өкілдерінен қабылдау комиссиясының жетекші маманы Бекбаева Динара Нусиповна, «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әкімжанов Дархан Шоғанбекұлы қатысты.
Сонымен қатар, университеттің материалдық-техникалық базасы, заманауи зертханалары, тәжірибеге бағытталған оқу жүйесі, халықаралық байланыстары мен студенттерге жасалатын әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде де жан-жақты ақпарат берілді. Түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, қабылдау талаптары, құжат тапсыру кезеңдері мен мамандық таңдаудағы маңызды аспектілер талқыланды.
Еуразиялық агро-техникалық колледжінің директоры Бекбаева Винера Кошановна жылы қарсы алып, өз түлектеріне саналы таңдау жасауға жол ашып, кәсіби болашаққа сенімді қадам жасауына үлкен ықпал етті.
Кездесу соңында түлектер ерекше қызығушылық танытып, өз болашақтарын осы беделді университетпен байланыстыруға ниет білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)


.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)