ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

2025 жылдың 18 желтоқсанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Жамбыл облысының колледж бітіруші түлектерімен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өтті.

Іс-шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, колледж түлектеріне университеттің білім беру мүмкіндіктері мен артықшылықтары кеңінен таныстырылды.

Айта кетейік, бұл кездесуге Жамбыл облысының 42 колледжі 8595 түлек онлайн форматта қосылды. Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған бұл шара колледж бітірушілері үшін кәсіби бағдар алуға, орта арнаулы алған мамандықтары бойынша әрі қарай қысқартылған мерзімде мемлекеттік грант есебінде жоғары оқу орнында білімін жалғастыру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алуға үлкен мүмкіндік болды.

Кездесуде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» басшысы – Сапарғали Айбар Мэлсұлы қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ KazNARU басқармасы, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.

Кездесу барысында Басқарма Төрағасы-Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы университеттің даму бағыттары мен жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы баяндама жасады.

Іс-шараны қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізе отырып, KazNARU оқытылатын БББ беріліп келген мемлекеттік грант сандарына талдау жасап, түлектердің тегін оқуға, шәкіртақы алуға, әскери кафедрадан даярлық өтуге әбден мүмкіндіктері бар екендігін нақтылап, дәлелдеме негізінде атап өтті.

Кездесу барысында Жамбыл облысынан келіп, оқып жатқан үздік, әрі белсенді студенттер – мемлекеттік грант иегерлері өз жетістіктерімен бөлісіп, университетте сапалы білім мен жан-жақты дамуға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Бұл кездесу түлектерге өздері алған орта арнаулы мамандықтары бойынша жоғары білім алуға және аграрлық саладағы білім мен ғылымның маңызын терең түсінуге мүмкіндік барын білді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник