Жастар арасында АИТВ- инфекциясының алдын алу
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының оқытушылары Ш.Р. Адылканова, А.Д. Орақбаева, Б.Қ. Сансызбаева Ф.Ғ. Сағымбектің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 02 желтоқсанында оқу ордамызда жастар арасында денсаулық сақтау және қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелеріне арналған кездесу кеші өтті. Іс-шараның басты мақсаты – студент жастарға АИТВ- инфекциясы туралы ақпарат беру және оның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Кездесудің арнайы қонағы ретінде Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» тәжірибелі дәрігер-эпидемиологы Аруова Жанар Қожабайқызы шақырылды. Дәрігер өз сөзінде АИТВ- инфекциясының таралу жолдары, аурудың алдын алу шаралары және жеке жауапкершіліктің маңызы жайлы жан-жақты баяндады.
Жастар халықтың ең әлеуметтік белсенді бөлігі болып табылады, сондықтан АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру керек. Шара барысында жастар белсенділік танытып, сұрақ-жауап алынды. Атап айтқанда, инфекциядан қорғану жолдары, қауіптің алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері кеңінен талқыланды. Дәрігер жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың, дұрыс ақпаратқа сүйенудің маңызын атап өтті. Мұндай кездесулер жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда АИТВ- инфекциясына қарсы дұрыс көзқарас орнатуға үлкен үлес қосады деген сенімдеміз.
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)