ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Histo Quiz: Гистология бойынша интеллектуалды ойын

Histo Quiz: Гистология бойынша интеллектуалды ойын

Н. У. Базанова атындағы жануарлар биологиясы кафедрасы ұйымдастырумен Ветеринария факультетінің студенттері «Гистология эмбриология негіздерімен» пәні бойынша Histo Quiz зияткерлік ойынын сәтті өткізді. Ойын 10 ғимараттың 118 аудиториясында 50–60 минут ішінде 6–7 команда (әрқайсысы 5–6 студенттен) арасында 5 кезеңде өтті. Ойын ұлпалар мен мүшелердің гистологиялық құрылысы туралы білімді тереңдетіп, жылдам ойлау, есте сақтау және топтық жұмысты дамытты.

Командалар блиц-сұрақтарға (эпителий қызметтері, гематоксилин бояуы), микросуреттерді анықтауға (шеміршек, бұлшықет, нейрон), ұлпа-функция-орналасу сәйкестендіруге, микропазл құрастыруға және пантомимаға (сөзсіз эритроцит, макрофаг көрсету) жауап берді.

Жеңімпаз топтар:

  • 1-орын: 25-03 топ (Макрофагтар)
  • 2-орын: 25-01 топ (Histologia Astra)
  • 3-орын: 25-12 топ (Хондроцит)

Жеңімпаздар естелік сыйлықтар алды.

Қатысқан топтар: Вет-25-01, 25-02, 25-03, 25-05,25-12,25-13

---------Chatbot---------
виртуальный помощник