ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KAZNARU-ДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

✅ 2025 жылдың 4 желтоқсанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шараға университеттің оқу-тәжірибелік шаруашылықтары мен серіктес кәсіпорындары қатысып, келушілерге сапалы және қолжетімді өнімдерді ұсынды.

✅ Жәрмеңкеде келушілерді түрлі табиғи әрі сапалы өнімдер күтті. Атап айтқанда, «Tengri Milk» брендінің сиыр мен ешкі сүтінен дайындалған өнімдері, алма бағынан тікелей әкелінген апорт алмалары, Еңбекшіқазақ ауданының Жанашар ауылынан келген кәсіпкердің сиыр мен жылқы еті, «Fresh Fish KZ» компаниясының балғын балықтары, «Shakh Eco Food» қызанақтары мен нан-тоқаш өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ Катон-Қарайдың табиғи балдары, емдік шөптер мен майлар, «Aqnur» сауда белгісінің бал қымыздары, таза сары май, сүзбе, қаймақ, жент, ірімшік, құрт және тағамға дәм қосатын арнайы соустар да жәрмеңке көрмесіне қойылды.

✅ Университет тарапынан өнімдер нарық бағасына қарағанда төмен бағада ұсынылды, сондықтан студенттер мен қызметкерлер арасында ерекше сұранысқа ие болды. Мысалы, форель балығы бүгін 3000 теңгеден сатылып, қала базарларындағы 5000 теңгелік бағадан айтарлықтай төмен болды. Жылыжайдағы қызанақтар 1000 теңгеден ұсынылды.

✅ Бір жерден табиғи, балғын және экологиялық таза өнімдерді сатып алу мүмкіндігі келушілерге үлкен қуаныш сыйлады. Көпшілік мұндай әлеуметтік бастаманы жоғары бағалап, өнімдердің сапасы мен балғындығының қала дүкендеріне қарағанда әлдеқайда жақсы екенін атап өтті. Сонымен қатар, университет басшылығына жәрмеңкені дәстүрлі түрде ұйымдастырып келе жатқаны үшін ерекше алғысын білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник