ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ KazNARU СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

✅2025 жылғы 2 желтоқсан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды шара өтті. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған бұл интерактивті сессияға Алматы қаласы прокуратурасының жетекші мамандары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, студенттерге қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелер бойынша кең көлемді ақпарат берді.

✅Шараға арнайы келген құқық қорғау саласының өкілдері қатарында Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма бастығы Нұрбосынов Асан Мұхтарұлы, прокурордың аға көмекшісі Керімбеков Мұхтар Мұратұлы, прокурордың көмекшісі Кельдинова Жанна Базарбекқызы, Басқарманың аға прокуроры Алмамбетов Алтай Серікұлы, сондай-ақ Медеу ауданы Полиция басқармасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары Раимбеков Рустам Санатұлы болды. Олар студенттерге заң талаптары, құқықтық мәдениет және цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша мазмұнды түсіндірмелер ұсынды.

✅Кездесудің модераторы – Жастар ісі жөніндегі басқарма бастығы Сманов Әшірәлі Жүсіпұлы іс-шараның мазмұнды, әрі тиімді өтуіне ықпал етіп, студенттер мен мамандар арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

✅Спикерлер жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңды білмеудің туындататын қауіптері және өз құқығын қорғаудың маңыздылығы жайлы кеңінен түсіндірді. Алтай Серікұлы қазіргі қоғамдағы харассмент мәселесіне тоқталып, оның құқықтық салдары мен жауапкершілік түрлерін нақты мысалдармен жеткізді. Жанна Базарбекқызы қаржылық және интернет алаяқтығының кең таралып кеткен түрлері туралы айтып, студенттерді күмәнді хабарламалар мен ұсыныстарға абай болуға шақырды.

✅Сонымен қатар, спикерлер соңғы жылдары өте өзекті болып отырған дипфейк технологияларының қауіптілігіне ерекше назар аударды. Жалған бейне және аудиожазбалар арқылы адамдардың жеке деректерін заңсыз пайдалану, қаржылық алаяқтық жасау және адамның беделіне нұқсан келтіру жағдайларының көбейгені айтылды. Студенттерге интернеттегі ақпаратты қабылдауда сақ болу, кез келген бейнематериалдың түпнұсқалығына күмәнмен қарау, өз аккаунттары мен жеке мәліметтерін қорғау қажеттігі ескертілді.

✅Шараның ресми бөлігін қорытындылай келе, Әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маман Иманбеков Максат Мукатаевич жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Ол мұндай кездесулердің студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, заманауи цифрлық ортадағы қауіп-қатерлерді тануда және құқықтық сауаттылықты арттыруда үлкен рөл атқаратынын жеткізді. Университет бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын, жастардың құқықтық қауіпсіздігі әрдайым басты назарда екенін тілге тиек етті.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник