ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да түркімен студенттерінің танымдық іс-шарасы өтті

KazNARU «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасында 6В05102 – «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 1-курс түркімендік студенттері «Түбі бір, түркі тілдес Түркiменiм» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – түркі халықтары арасындағы достықты, мәдени байланыстарды нығайту және ортақ тамырды дәріптеу болды.

Бағдарлама барысында студенттер түркiмен халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын, ұлттық киім үлгілерін, дәстүрлі тағамдарын, сондай-ақ тарихи тұлғаларын таныстырып, мазмұнды көрме өткізді. Қонақтар түркiмен асханасының ұлттық тағамдарынан дәм татып, қолөнер бұйымдарымен танысты.

Шараны ұйымдастыруға топ кураторы, «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы Ерлік Бәймажіұлы жетекшілік етті.

Іс-шараға қатысқан «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің оқу-тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары, PhD докторы Спатай Нұрәділ Нұрбекұлы және кафедра меңгерушісі, профессор Құлатаев Бейбіт Тұрғанбекұлы студенттердің мұндай бастамалары олардың рухани дамуына, өзара ынтымақтастық пен бауырмалдықты арттыруға үлкен ықпал ететінін атап өтті.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник