АЛМАТЫДА ҮЗДІК ЖОО МЕН ШЕТ ЕЛДІК ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ БАСЫН ҚОСҚАН «БІЛІМ ЖӘНЕ МАНСАП-2025» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ЖАБЫЛДЫ
✅Алматыдағы «Atakent-Expo» халықаралық көрме орталығында 2025 жылдың 19-21 қараша аралығында өткізілген жылдың ең негізгі, ауқымды іс-шарасы аяқталды. «Білім және мансап – 2025» дәстүрлі халықаралық көрмесі отандық ЖОО мен алыс-жақын шет елдің көптеген жетекші университеттерінің, ірі компанияларының басын қосқан еді.
✅Атап айтқанда, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Австрия, Әзербайжан, Армения, Германия, Гонконг, Грузия, Иран, Италия, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Мальта, Польша, Солтүстік Кипр, Сингапур, Түркия, Үндістан, Чех Республикасы және Оңтүстік Корея секілді 20 елдің өкілдері қатысты. Келушілер әлем елдерінің білім беру жүйелері мен танысып, Қазақстанда және шет елде оқуға ең қолайлы бағдарламаны таңдай алды.
✅ «Білім және мансап – 2025» атты «ATAKENT-EXРО» XXIII Халықаралық көрмесіне Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті де қатысты. Университет өкілдерінен қабылдау комиссиясының қызметкерлері, «Инженерлік технологиялар» факультетінің деканы Алдибаева Ләззат Тұрғынбайқызы, И.В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының аға оқытушысы Идирисов Қасымжан Молдақадырұлы, «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының профессоры Абаева Құрманкүл Төлеутайқызы, асситент Сламбаева Адина Болатқызы және білім алушы студенттер де атсалысты.
✅Аграрлық салада жетекші жоғарғы оқу орны саналатын KazNARU 3 күндік іс-шарада кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізді.
✅Көрме аралаған колледж, мектептің бітіруші түлектеріне оқу орнының бүгінгі даму үрдісін, озық технологиялармен жабдықталған ғылыми-зерттеу лабороториялары мен инновациялық орталықтары жөнінде кең мағлұмат берді. Білім бағдарламаларымен таныстырып, тарихы терең университеттегі мамандықтар мүмкіндігі туралы мағыналы мәлімет ұсынды.
✅Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің ресми қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
✅«Білім және мансап – 2025» көрмесі білім берудің барлық деңгейлері, заманауи оқыту технологиялары, оқу жабдықтары мен құралдары, жаңа оқу бағдарламалары саласындағы жетістіктерді жиырма жылдан бері ұсынып келеді. Сонымен қатар, талантты жастарды үздік оқу орындарымен байланыстыруға, бағыт-бағдар беруге, баспалдақ болуға тырысады.
KazNARU Баспасөз қызметі

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)