«БІЛІМ ЖӘНЕ МАНСАП – 2025» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Алматыдағы «Atakent» халықаралық көрме орталығында 2025 жылдың 19-21 қараша аралығында өтетін «Білім және мансап – 2025» дәстүрлі халықаралық көрмесі бүгін екінші күнгі жұмысын белсенді түрде жалғастыруда.
Көрменің екінші күнінде KazNARU атынан «Су ресурстары және IT технологиялары» факультетінің деканы Арыстанов Мейрам Буранович, «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының аға оқытушысы Әуелбек Ермек Кенжебекұлы, «Бизнес және құқық жоғары мектебі» факультетінің деканы Ажинурина Динара Ажинуровна, факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сүндет Зейнеп Қайратқызы, Қабылдау комиссиясының қызметкерлері, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ білім алушы студенттер қатысып, өз үлестерін қосуда.
KazNARU өкілдері үш күнге созылатын бұл шара барысында жас талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, университеттің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын жан-жақты таныстыруды жалғастыруда.
KazNARU Баспасөз қызметі



