ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU «БІЛІМ ЖӘНЕ МАНСАП – 2025» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

✅Алматыдағы «Atakent» халықаралық көрме орталығында 2025 жылдың 19 қарашасы күні жылдың ең негізгі, ауқымды іс-шарасы салтанатты түрде ашылды. «Білім және мансап – 2025» дәстүрлі халықаралық көрмесі отандық ЖОО мен қатар, алыс-жақын шет елдің көптеген жетекші университеттері мен ірі компанияларының басын қосты.

✅2025 жылдың 19-21 қарашасы аралығын қамтитын «Білім және мансап – 2025» атты “ATAKENT-EXРО” XXIII Халықаралық көрмесіне Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті де қатысуда. Университет өкілдері қатарында Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы, «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің филиалының қызметкерлері, Қабылдау комиссиясының жетекші маманы Бекбаева Динара Нусиповна, «Агробиология» факультетінің деканы Әбілдаев Ержан Советбекұлы, «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің деканы Мусоев Асылбек Майлыбайұлы, IT мамандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушы студенттер бар.

✅Ғылыми-білім беру технологиялық платформасы ауыл шаруашылығын қашықтықтан зондтау үшін түрлі ұшқышсыз ұшу аппараттары мен мультиорттық дрондардан тұратын зертхана жабдығын таныстырды.

✅KazNARU 3 күндік іс-шарада кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді, әрі оқу орнының мүмкіндігін толықтай түсіндіруге, ұсынуға тырысады.

✅Мән-маңызы терең мағыналы шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы» РММ және Қазақстанның баспагерлері, полиграфистері мен кітап таратушылары қауымдастығының ресми қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

✅Іс-шараның салтанатты ашылуы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Емелбаев Руслан Тоқтарбекұлының құттықтау сөзімен басталды.

✅Айта кетейік, «Білім және мансап – 2025» көрмесі білім берудің барлық деңгейлері, заманауи оқыту технологиялары, оқу жабдықтары мен құралдары, жаңа оқу бағдарламалары саласындағы жетістіктерді жиырма жылдан бері ұсынып келеді. Сонымен қатар, талантты жастарды үздік оқу орындарымен байланыстыруға, бағыт-бағдар беруге, баспалдақ болуға тырысады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник