KAZNARU-ДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСУДА
2025 жылдың 19 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі кезекті рет ұйымдастырылды. Шараға университеттің оқу-тәжірибелік шаруашылықтары мен серіктес кәсіпорындары белсене қатысып, тұтынушыларғ а сапалы әрі қолжетімді өнім түрлерін ұсынды.
Жәрмеңке сөрелерінде түрлі табиғи әрі экологиялық таза өнімдер қойылды. Атап айтқанда, «Tengri Milk» компаниясы сиыр және ешкі сүтінен дайындалған өнімдерін, Еңбекшіқазақ ауданы, Жанашар ауылынан келген кәсіпкер сиыр және жылқы етін ұсынды. Сонымен қатар, «Fresh Fish KZ» тұтынушыларға балғын балық түрлерін, «Shakh Eco Food» компаниясы қызанақтар мен нан-тоқаш өнімдерін, түрлі кәсіпкерлер табиғи бал және басқа да өнімдерін алып келіп, жәрмеңкені қыздырды.
Нарықтағы бағадан төмен сатылған бұл өнімдер университеттің студенттері мен қызметкерлері тарапынан зор сұранысқа ие болып, жәрмеңкенің тиімділігіне жоғары бағасын берді.
Іс-шараның басты мақсаты – отандық өнімдерді қолдау, аграрлық өндіріс пен кәсіпкерліктің дамуына серпін беру, сондай-ақ экологиялық таза тағам тұтыну мәдениетін қалыптастыру.
KazNARU Баспасөз қызметі











