ҚазҰАЗУ

KazNARU-ДА «FAST FOOD DAY» ӨТТІ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Инженерлік технологиялар факультеті, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының ұйымдастыруымен дәм мен қуанышқа толы «Fast Food Day» атты тағам мәдениетіне арналған танымдық іс-шара өтті. 

✅ Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді заманауи тағам индустриясының даму бағыттарымен таныстыру, жылдам дайындалатын тағам өндірісінің ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде көрсету және білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.

✅ Бұл күннің ерекше қонақтары – Қазақстан нарығында танымал «Gippo» және «Dodo Pizza» компанияларының өкілдері болды.

✅ Компания мамандары студенттерге өндірістегі сапа мен қауіпсіздік талаптары, қызмет көрсету мәдениеті мен брендтік менеджменттің заманауи тәсілдері жөнінде мазмұнды шеберлік сабақтарын өткізді.

✅ Студенттер тағам өнімдерін дайындаудың инновациялық тәсілдерімен танысып, гигиеналық стандарттар мен тағам қауіпсіздігіне қатысты өзекті ақпарат алды. Іс-шара барысында студенттер тағам өнімдерін дайындаудың инновациялық тәсілдерімен, өндірістік гигиена және сапа стандарттарымен танысып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға мүмкіндік алды.

✅ Сонымен қатар, «Gippo» және «Dodo Pizza» компанияларының өкілдері студенттерге тәжірибеден өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, жас мамандарға кәсіби бағыт-бағдар көрсетті.
Бұл өз кезегінде университет пен бизнес құрылымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етті.

✅ «Fast Food Day» іс-шарасы оқу мен өндіріс арасындағы байланысты арттыруға, жас технологтардың тәжірибелік білімін кеңейтуге және тағам индустриясына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

✅ Ұйымдастырушы топ – ТПРП-24-17К, топ кураторы Мамаева Л.А. – еңбектеріңізге зор алғыс білдіреміз! 

✅ Университет басшылығы мұндай тәжірибеге бағытталған кездесулердің білім сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби әлеуетін дамытуға және өндірістік серіктестікті кеңейтуге зор ықпал ететініне сенім білдіреді.

KazNARU – ғылым мен өндірісті тоғыстыратын білім ордасы!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник