ҚазҰАЗУ

"Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар және оның алдын алу" АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті “Инженерлік технологиялар” факультеті, “Тағам өнімдері технологиясы және қауіпсіздігі” кафедрасынан бастауымен, «Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар және оның алдын алу» атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, студенттердің құқықтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Шараны Медеу ауданы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы кіші әділет кеңесшісі Мазиев Аллаудин Мухарбекович, Медеу ауданы прокуратурасының айыптауды қолдау бөлімінің бастығы кіші әділет кеңесшісі Турдалин Данияр Марданович, Медеу ауданы прокуратурасының аға прокуроры 1-сыныпты заңгер Мустафа Алмас Бақытұлы, Медеу ауданы прокуратурасының айыптауды қолдау бөлімінің аға прокуроры 2-сыныпты заңгер Қанатова Найля Қанатқызы, Медеу ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Кенчимбаев Мадияр Жанахметұлы жүргізді.

✅Медеу ауданы прокуратурасының айыптауды қолдау бөлімінің аға прокуроры 2-сыныпты заңгер Қанатова Найля Қанатқызы және Медеу ауданы прокуратурасының аға прокуроры 1-сыныпты заңгер Мустафа Алмас Бақытұлы жастардың құқықтық жауапкершілігіне ерекше тоқталып:

«Өкінішке қарай, қазіргі таңда қылмыс жасаушылардың ішінде жастардың үлесі артып келеді. Жеңіл табыс табу үшін немесе білместіктен заңға қайшы әрекет етудің салдарынан жастарымыз құқықбұзушылыққа жол беруде. Бірақ білместік жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан болашақтарыңызды дұрыс бағамдап, құқықбұзушылық әрекеттерден алшақ болыңыздар», — деп атап өтті.

✅Шара барысында студенттерге құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнінде маңызды мәліметтер берілді. Сондай-ақ қоғамдық орында тәртіп сақтау талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

✅Кездесу соңында KazNARU Инженерлік технологиялар факультеті деканы Алдибаева Л.Т. сөз алып,  іс-шараны қорытындылай келе:

«Енді университет аумағында белсенді жастар мен полиция өкілдері бірлесіп профилактикалық тексерістер жүргізетін болады. Бұл тексерістер құқықбұзушылықтың алдын-алуымен қатар, шылым шегу және аумақты ластау фактілеріне де жол бермеуге бағытталатын болады»,— деп атап өтті.

✅Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. "Заң және тәртіп" қағидатын насихаттау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник