KazNARU-да Түрікменстанның бейтараптық саясатының 30 жылдығына арналған ресми кездесу өтті
2025 жылғы 7 қараша күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАЗУ) Түрікменстанның бейтараптықтың 30 жылдығына және Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылына арналған түрікмен студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шараға Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Нурымырат Агамырадович Розыджумаев, университет басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам мен шетелдік студенттер қатысты.
Кездесуді KazNARU Басқарма төрағасы-Ректордың Бірінші орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов ашып, Түрікменстанның Қазақстанның білім, ғылым және мәдениет саласындағы маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Ол өз сөзінде Түрікменстанның бейтараптық саясаты тұрақтылықтың, дипломатиялық даналықтың және бейбітшілікке адалдықтың нышанына айналғанын жеткізді. Іс-шара Халықаралық қатынастар және стратегиялық даму жөніндегі проректор Абазов Рафис Фанисовичтің модераторлығымен өтті. Сондай-ақ, кездесуге тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Асима Ералиева, академиялық мәселелер департаментінің директоры Гүлмира Алпысбаева, факультет декандары мен олардың орынбасарлары қатысты.
Өз кезегінде Түрікменстан Елшілігінің кеңесшісі Нурымырат Розыджумаев университет басшылығына түрікмен студенттерін жоғары деңгейде даярлап, оқу мен бейімделу үдерісінде көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдірді.
Кездесу барысында Түрікменстанның бейтараптықтың 30 жылдығына арналған бейнеролик көрсетілді. Университет басшылығы Түрікменстан Елшілігіне жемісті ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, жыл сайын Түрікменстаннан келетін студенттердің саны артып келе жатқанын атап өтті. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы білім және мәдени байланыстардың нығаюына ықпал етуде.
Бүгінде KazNARU-да 20 елден келген шамамен 1000-ға жуық шетелдік студент білім алуда, олардың ішінде түрікмен азаматтарының үлесі айтарлықтай жоғары. Университет олардың ғылыми және мәдени шараларға белсенді қатысуына, әлеуметтік бейімделуіне және кәсіби құзыреттерін қалыптастыруына жан-жақты қолдау көрсетеді.
Кездесудің соңында түрікменстандық студенттер өздерінің ұлттық өнерін көрсетті – би билеп, ән шырқады. Сонымен қатар оларға Foundation тілдік курстарын аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)


.jpeg)
