ҚазҰАЗУ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ KAZNARU-ДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

✅ 2025 жылғы 31 қазан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне (KazNARU) Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүкенов Абзал Нүкенұлы жұмыс барысымен келіп, университеттің инфрақұрылымдық нысандарымен, материалдық-техникалық базасымен, оқу және жатақхана жағдайымен, сондай-ақ ғылыми-инновациялық бағыттағы жаңа бастамаларымен танысты.

✅ Университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының бастамасымен «Қазақ-Строй» ЖШС-мен ынтымақтастық шарт негізінде 9 қабатты 450 орындық жаңа жатақхана құрылысы аятқалуға жақын. Мұнда студенттер үшін Медициналық орталық тұрғызылатын болады.

✅ Басқарма Төрағасы-Ректордың Бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шопанқұлұлы KazNARU – өз студенттерін 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз еткен Алматыдағы жалғыз университет екенін атап өтіп, соңғы 3 жылда оқу сапасы артты, цифрлық университет құрылды, материалдық-техникалық база нығайғандығы туралы айтты. Оқу-зертханалық ғимараттары мен студенттік жатақханаларда күрделі жөндеу жүргізіліп, студенттердің мәселелерін шұғыл шешу үшін университет базасында жатақханаға орналастыру бойынша Ахуалдық орталық жұмыс істейтінін, оған онлайн өтініш беруге мүмкіндік жасалғанын кеңінен таныстырды.

✅ Кездесуге Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлы, Халықаралық қатынастар және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Абазов Рафис Фанисович, сондай-ақ Ғылыми-білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры Фараби Ермеков, «Су ресурстары және IT-технологиялары» факультетінің деканы Арыстанов Мейрам Буранұлы және Жастар ісі жөніндегі басқарма бастығы Әшірәлі Сманов қатысты.

✅ Сонымен қатар, Су ресурстарын басқару және Небраска-Линкольн университетімен (АҚШ) бірлескен Extension орталықтарының жұмыстарымен танысып, жатақханаларды аралап, университет студенттерімен кездесті.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник