ҚазҰАЗУ

ӨНДІРІС ПЕН БІЛІМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ-КӘСІБИ ДАМУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ мен «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы арасындағы өзара ынтымақтастыққа шамамен 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде аталмыш мекеме университет студенттерінің кәсіби тәжірибеден өтуіне тұрақты алаң болып, университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік беріп келеді. Соңғы үш жылда бұл серіктестік жаңа деңгейге көтеріліп, мекеме дуальды оқыту жүйесінің негізгі әріптестерінің біріне айналды.
          2025 жылғы 21 қазан күні Су ресурстары және IT технологиялар кафедрасының оқытушылары — Жанымхан Құрманбек пен Ұлжан Қуанышбекқызы, сондай-ақ Практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің жетекші маманы Болдықыз Дүйсенқызы Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалына арнайы іссапармен барып, мекеме директоры Қайрат Аширалыұлы Бисембаевпен кездесті.
          Кездесу барысында тараптар көп жылдан бері қалыптасқан ынтымақтастықты одан әрі дамыту, дуальды оқыту үдерісін жетілдіру және студенттердің кәсіби дағдыларын арттыру бағытындағы бірлескен іс-шараларды талқылады. Сондай-ақ, университет ректорының атынан Қайрат Аширалыұлына Қазақстан Республикасының су ресурстары мен ирригация саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хат табысталды.

Бұл кездесу екі жақты серіктестікті нығайтып, білім мен өндіріс арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды.


---------Chatbot---------
виртуальный помощник