ҚазҰАЗУ

«Қош келдіңдер, түркіменстандық студенттер!»

2025 жылғы 22 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Су ресурстары және IT-технологиялар факультетіндеIT-технологиялар кафедрасының  ұйымдастыруымен «Қош келдіңдер, түркіменстандық студенттер!» атты мерекелік іс-шара өтті. 

Кафедраның аға оқытушысы Чингенжинова Ж.С., жетекшілігімен өткізілген бұл іс-шара жаңа оқу жылында оқу ордамыздың табалдырығын алғаш аттаған Түркіменстаннан келген студенттерді қарсы алуға арналды. Шараның басты мақсаты – шетелдік студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу, өзара достық қарым-қатынасты нығайту және көпұлтты ұжым арасындағы мәдени байланыстарды арттыру болды.

Іс-шара барысында кафедра оқытушылары мен жоғары курс студенттері құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Түркіменстандық студенттер өз елінің дәстүрлері мен мәдениеті туралы шағын таныстырылым жасап, ұлттық ән мен би орындап, көрермендердің көңілінен шықты.

Шара соңы достық атмосферада жалғасып, қатысушылар еркін пікір алмасып, фотосессия өткізді. Мұндай іс-шаралар студенттердің бір-бірін жақынырақ танып, оқу процесіне қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник