ҚазҰАЗУ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ «SHABYT HIGH SCHOOL» ТҮЛЕКТЕРІ KAZNARU-ҒА ТАНЫМДЫҚ САПАРМЕН КЕЛДІ

Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы «Shabyt High School» мектебінің 11-сынып түлектері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне (KAZNARU) арнайы танысу сапарымен келді. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетін таныстырып, олардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал ету болды.

Университет ұжымы қонақтарды жылы қабылдап, KAZNARU-дың заманауи зертханалары мен ғылыми орталықтарын көрсетті. Оқушылар университет музейінен бастап, биотехнология орталығында, ғылыми-білім беру технологиялық платформасында, Қазақстан–Жапон инновациялық орталығында, Халықаралық вакцинология орталығында, сондай-ақ «Су ресурстарын басқару» ғылыми орталығында болып, жаңа буын зерттеу бағыттарымен танысты. Сонымен қатар, Ғылыми кітапханада заманауи білім беру ресурстары мен цифрлық мүмкіндіктер ұсынылды.

Кездесуді Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Айнұр Елтайқызы Қайырбаева ұйымдастырды. Іс-шара аясында университет өкілдері оқушыларға оқу бағыттары, мамандықтар мен қабылдау талаптары жайлы жан-жақты ақпарат беріп, сұрақтарына жауап берді. Мектеп директоры Нұргүл Төленқызы Шулакова KAZNARU ұжымына мазмұнды бағдарлама мен жылы қабылдауы үшін ризашылығын білдіріп, екі білім ордасының арасындағы ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Университет қабырғасындағы әсерлі кездесу оқушылардың ғылым мен инновацияға деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандық таңдаудағы бағыт-бағдарын айқындай түсті.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник