ҚазҰАЗУ

«Республика күні – Тәуелсіздік таңы» атты ашық сабақ өтті

2025 жылдың 21 қазанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ландшафттық дизайн және көгалдандыру» мамандығының 1-курс студенттері «Республика күні – Тәуелсіздік таңы» атты ашық сабақ өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты өз Отанын сүюге, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, туған халқының тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу, сондай-ақ елжанды, парасатты азаматтарды тәрбиелеу болды.

Сабақ барысында студенттерге Республика күнінің тарихи маңызы туралы кеңінен түсіндіріліп, ұлттық мерекенің қайта бекітілуінің мәні мен маңыздылығы атап өтілді. Республика күнін жаңғырту – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін айқындайтын маңызды тарихи шешімдердің бірі екені айтылды.

Шара барысында студенттер Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы жетістіктері, ұлттық құндылықтарымыздың сақталуы мен дамуы жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.
Ашық сабақтың екінші бөлімінде студенттердің білімін шыңдау мақсатында «Quiz test» ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.

Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік сезім ұялататын, қуаныш пен мақтанышқа толы ұлттық мереке.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник