«Оқытушы – ғылым мен парасаттың шамшырағы» атты мерекелік іс-шара өтті
2025 жылдың 3 қазан күні «Су ресурстары және IT технологиясы» факультетінде 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Оқытушылар күніне арналған «Оқытушы – ғылым мен парасаттың шамшырағы» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік кешке университеттің ардақты оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлері және студенттер қауымы қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім мен ғылым саласында қажырлы еңбек етіп жүрген оқыушыларға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы рөлін айшықтау болды.
Кеш барысында студенттер оқытушыға арналған ән-жырлар орындап, би билеп, күй тарту етіп, өздерінің өнерін паш етті. Әсіресе студенттердің жүрекжарды құттықтау тілектері мен ақ тілек өлеңдері ұстаздарға ерекше әсер қалдырды. Бұл күн — оқытушыларымыздың ұлағатты еңбегін дәріптеп, шәкірт пен ұстаз арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайта түскен ерекше күн болды.
KazNARU Баспасөз қызметі