ҚазҰАЗУ

АЛМАТЫЛЫҚТАР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІН АТАП ӨТТІ

2025 жылдың 5 қыркүйегінде Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдер күні және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «АНА ТІЛІМ АРДАҒЫМ» атты мерекелік ісшара өткізілді.

✅ Салтанатты жиынға Ұлт ұстазының туыстары, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындаырмен бірге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бірінші курс студенттері, Жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамы қатысты.

✅ Айта кетейік, 1998 жылы 22 қыркүйектен бастап елімізде Тілдер күні алғаш атап өтілген еді. Дегенмен 2017 жылғы Үкімет қаулысымен бұл мереке 5 қыркүйекке ауыстырылды. Өйткені дәл осы күн – алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күн.

✅ Тіл – қашанда ұлттың ұйтқысы. Мағжан Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат басқа нәрсе – болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген. Сәбидің тілі Ана тілінде шыққан халықтың тәуелсіздігі баянды, тұғыры қашан да биік болады. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың мемлекеттік тілде – қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік мең¬геруіне толық мүмкіндіктер жасалған.

✅ Мерекелік кеш аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға атсалысып жүрген Алматы қаласындағы бір топ қоғам белсенділері мен ұстаздар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттарына ие болды.

✅ KazNARU Жалпы білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., филология ғылымдарының кандидаты Итегулова Сая Ағанасқызы қазақ тілінің мәртебесін көтеруде шығармашылық белсенділік танытқаны, гуманитарлық салада ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды.

✅ Университет абыройын асқақтатқан әріптесімізді лайықты награлдасымен шын жүректен құттықтаймыз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник