KazNARU БАСШЫЛЫҒЫ ҚЫТАЙ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
2025 жылғы 4 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының бизнес өкілдерінен құралған арнайы делегация Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, оқу ордасының ғылыми-инновациялық қызметімен танысты.
KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов бұған дейін де Қытайдың 40-тан астам университеттері мен ғылыми зерттеу ұйымдарының белсенді қатысумен агрономия, ветеринария, зооинженеия, су шаруашылығы, орман шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігінің технологиясы сияқты халықаралық орталықтар мен зертханалар ашылғанын атап өтті.
«Мысалы, Қытай аграрлық университеті мен «Dayu Irrigation Group» компаниясымен бірлескен «Қазақстан-Қытай су үнемдеуді цифрлы басқару» зертханасы, Қытай ауылшаруашылық университеті және Eavision компаниясымен бірлескен «Қазақстан-Қытай ауылшаруашылық дрондарын басқару бойынша зерттеулер мен оқыту орталығы», Ланьчжоу университетімен бірлесіп ашылған «Қазақстан-Қытай Ақылды ауыл шаруашылығы» орталығы т.б. зертханалар құрылды. Осы орталықтың аясында 3 ғылыми зертхана және 3 платформа құру жүзеге асырылуда. Енді сіздердің қолдауларыңызбен бұл бағыттағы ауыл шаруашылығына қатысты нақты жұмыстарды одан ары дамытамыз деп сенеміз» - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.
Қытай делегациясы тарапынан Инь Дэвэнь — "Сары өзен" инженерлік-консультативтік компания" Бас экономисі, Хао Чжэнган — "Шаньдун Личуан технологиясы" ЖШС төрағасы, Сунь Цзипэн —"Шаньдун Личуан технологиясы" ЖШС Бас директорының орынбасары, Дэн Чжишэн — "Хэнань Чэнчэн"ЖШС Бас директоры, Дэн Жуйчжэ — "Хэнань Чэнчэн"ЖШС Президентінің хатшысы, Ань Чао — "Сары өзен" ЖШС Халықаралық инженерлік-консультативтік институтының бас инженері, Кулиман Бірлесхан — "Сары өзен" ЖШС аудармашысы, Түркия Жеңіс — "Трилис" ЖШС президенті, Кабдиракым Асхат — "Трилис"ЖШС менеджері қатысты.
Олар Қытайдың ауылшаруашлығын дамытудағы озық тәжірибелік жетістіктерін, жаңа технологиясын Қазақстан өндірісіне енгізу, АӨК бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, өзара тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты жолға қою, технологиялар трансферін жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті мамандарды бірлесе даярлау сияқты мәселлерге орай өз ұсыныстарын ортаға салды.
Қонақтар KazNARU ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен танысып, инновациялық ғылыми жетістіктерін жоғары бағалады. Кездесу өзара сыйластық пен түсіністік жағдайында өтті және Қытай кәсіпкерлері алдағы уақытта университетпен әріптестік ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі