ҚазҰАЗУ

KazNARU: АЛҒАШҚЫ САБАҚТЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕРІ...

ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТ!

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқу аудиторияларында алғашқы дәрістер басталды.

✅ Бірінші оқу күні құтты болсын!

✅ Оқу ордамыздың табалдырығын биыл аттаған білім алушылар ұстаздарымен, өздерінің құрбыларымен жүздесе отырып, университеттің тыныс-тіршілігімен, шығармашылық үйірмелердің және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметімен танысу апталығын бастады.

✅ Жаңа оқу жылында университетімізге 3 мыңнан аса білім алушылар, оның ішінде 1500-ге жуық мемлекеттік грант иегері, 800-ден аса шетелдік студенттер қабылданды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге көп. Олардың арасында Халықаралық олимпиада жүлдегерлері, «Алтын белгі» мен «Қызыл аттестат» иегерлері, көп тілді меңгерген алғыр жастар бар.

✅Сонымен қатар, KazNARU базасындағы «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының» ҰЗУ Филиалының табалдырығын 70 студент аттап отыр.

✅ Бүгінде университетіміздің Басқарма Төрағасы - Ректоры Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының басшылығымен білім алушылар үшін барлық қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар толық жасалынған. Заманауи оқу корпустары, жайлы жатақханалар, жаңа технологиямен жабдықталған аудиториялар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының есігі айқара ашық.

✅ KazNARU – Алматы қаласындағы студенттерін жатақханамен қамтамасыз еткен жалғыз оқу орны. Сонымен бірге, студенттеріміз шет елдердің озық университеттерінде білімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтап, екі дипломға ие болу мүмкіндігіне ие болып отыр.

✅ Жүз жылға жуық тарихы бар қара шаңыраққа қош келдіңіздер!

✅ Білім жолындағы алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын!

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник