ҚазҰАЗУ

KazNARU мен ХЭНАНЬ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (ҚХР) ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

2025 жылғы 27 тамызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Пірімқұл Ибрагимов Қытайдың Хэнань ауылшаруашылық университетінің университет істері жөніндегі Төрағасы Юэ Цзэюнмен кездесті.

Іс-сапардың мақсаты – еліміздегі жетекші аграрлық жоғары оқу орны саналатын KazNARU қызметімен жақын танысу, білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын бірлесе даярлау, ғылыми-зерттеу мәселелерін тереңдетуді қарастыру.

✅ Пірімқұл Ибрагимов ынтымақтастық шеңберінде соңғы екі жылда KazNARU базасында 40-тан аса Қытай ЖООларымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен келісім аясында шарттарға қол қойылғанына тоқталды.

«Бүгінгі кездесуде – ғылыми әлеуетті біріктіруге, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, инновациялық технологияларды трансферлеуге, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлауға айырықша үлес қосуды одан ары тереңдетуді қарастырмақпыз. Ақылды ауылшаруашылығы, ең қажетті су шаруашылығы кадрларын даярлау, жасанды интеллекттіні дамыту жөніндегі зертхана, дрон үйрету орталығы, ветеринариялық медицина саласына қытай инновацияларын енгізу сияқты бастамаларды қолға алып жатырмыз. Енді, міне, Хэнань провинциясындағы ең ірі университетпен білім алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру бағытын күшейтуді көздеп отырмыз. Менің өзім Қытайда болған іс-сапарымда сіздердің инновациялық даму үрдістеріңізбен танысқан болатынмын. Біздің университетімізге қош келдіңіздер, бірлесе тәжірибе алмасуға дайынбыз» - деді Пірімқұл Шолпанқұлқлы.

✅ Өз кезегінде Хэнань ауылшаруашылық университетінің университет істері жөніндегі Төрағасы Юэ Цзэюн 100 млн халқы бар аса ірі провинциясында ораласқан оқу ордасының 120 жылдан артық тарихы бар екенін атап өтті.

«Университетіміз Қытайдың аграрлық саласында жетекшілік орны бар жоғары білім мекемелерінің бірі. ХАУ 1927 жылы ветеринария медицина факультетінің негізінде құрылған, 150 ден аса ғылыми қызметкер бар, екі Ұлттық ветеринариялық ғылыми зертхана, министрлік тарапынан берілген екі ірі ғылыми зертханасы бар. Және ветеринария ғылым саласында өзіндік орны жоғары білім ордасы саналады. 2024 жылдың қазан айында KazNARU-мен бірлескен ветеринарлық ғылыми зертхана құру жөнінде Меморондумға қол қойдық. Біздер де сіздердің жоғары білім беру, ауыл шаруашылығы ғылымы саласындағы инновациялық және технологиялық жетістіктеріңізбен алдын-ала жақсы таныспыз. Даму бағытымыз өте ұқсас және екі елдің агросекторындағы жетекшілік рөлді алып келеміз. Сондықтан, өзара ынтымақтастықты одан ары кеңейтуге, ғылыми-зерттеу саласында жұмыс істеуге дайынбыз» - деді Юэ Цзэюн.

✅ Кездесу барысында KazNARU мен ХАУ өзара байланыстарды тереңдету, ауыл шаруашылығындағы өзекті тақырыптар, білім беру бағдарламалары бойынша бірлескен жобаларды жүйелі іске асыру, оқытушылар құрамымен, студенттер алмасу және сапалы кадрлар даярлау, халықаралық конференцияларды бірлесіп ұйымдастыру мәселелері талқылады.

✅ Сондай-ақ, жаңа деңгейдегі Қазақстан-Қытай Ветеринарлық медицина және азық-түлік қауіпсіздігі ауыл шаруашылығы технологиялары мен Ландшафттық сәулет халықаралық зерттеу орталықтарын құру, су ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қызметтер және ауқымды жасыл инфрақұрылымды дамыту салаларына назар аударады. Сонымен бірге KazNARU базасында білім алып жатқан бір топ қытай студенттеріне Сертификаттар табысталды.

✅ Кездесу нәтижесінде Ветеринариялық медицина және өсімдіктер туралы ғылымдар бағыттары бойынша екі дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу туралы Келісімге қол қойылды.

✅ Делегация құрамында Хэнань университеті даму және жоспарлау кеңсесінің директоры Ма Фэй, ветеринарлық медицина факультетінің деканы Вэй Чжаньюн, халықаралық алмасу және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Лю Ян, бау-бақша факультетінің деканы Чжэн Сяньбо сынды белгілі ғалымдар болды.

✅ Кездесу аясында қонақтар KazNARU ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен, оның ішінде Вагенинген университеті, Су ресурстаны басқару орталығы т.б. құрылымдармен танысып, оқу ордамыздың ғылыми әлеуетіне жоғары баға берді.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник