KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ЫСТЫҚКӨЛДЕ ДЕМ АЛЫП ҚАЙТТЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бір топ белсенді студенттері 2025 жылдың 30 шілде – 3 тамыз аралығында Ыстықкөлге барып демалып қайтты.
Студенттерді Ыстықкөл сапарына шығарып салған KazNARU Басқарма мүшесі, Ректордың орынбасары Қуат Сұлтанғазиев университет басшылығы жыл сайын осындай демалыс ұйымдастыруды дәстүрге айналдырғанын атап өтті.
Олардың арасында жыл бойы оқуда үздік нәтиже көрсеткендер, олимпиадаларда жеңімпаз атанғандар, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде белсенділік танытқандар, спорттық жарыстарда университет абыройын асқақтатқандар, жаз бойы "Жасыл ел" жастар еңбек жасағында белсенді еңбек еткен студенттеріміз бар.
Ыстықкөл – Орта Азиядағы ең үлкен, суы тұнық ғажайып көлдердің бірі. Ол теңіз деңгейінен 1608 м биіктікте орналасқан, тереңдігі — 668 м дейін барады. Оның әсем пейзаждары, керемет ландшафттар, айналасындағы термалды бұлақтар, табиғи және тарихи көрікті жерлер туристерді өте көп тартатын мекен ретінде танылған.
Демалыс аясында студенттеріміз Чолпон-Ата қаласында болып, тарихи ұлттық музейдегі қырғыз халық қолөнершілерінің бұйымдарын және басқа жәдігерлермен танысып қайтты.
Осындай ғажайып көлде болып, ұмытылмас тамаша демалыс ұйымдастыруға қолдау білдірген KazNARU Басқарма төрағасы – Ректор, академик Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлына студенттердің алғысы шексіз!
KazNARU Баспасөз қызметі