НҰРДӘУЛЕТ ШЕРТІМ: KazNARU — МЕНІҢ ӨНЕР САХНАСЫНДАҒЫ ЖОЛЫМДЫ БАСТАҒАН АЛТЫН ҰЯМ
Қазақстанға танымал белгілі КВН актеры, продюсер, шоумен – Нұрдәулет Серікұлы Шертім Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің түлегі. Ол 2005 жылы «Экономика» мамандығы бойынша бакалавриат, ал 2008 жылы магистратураны бітірген.
Университет қабырғасында жүргенде-ақ Нұрдәулет сахнада “Шатақхана”, “КВН”, әртүрлі әзіл-сықақ қойылымдар мен «ТВ 31» тележобалары арқылы көрерменге танылып, көпшіліктің ықыласына ие болды.
Бүгінде санқырлы кино, театр саласы мен тележобаларда белсенді түрде өнер көрсетіп келеді. Шығармашылығы арқылы жас ұрпаққа үлкен мотивация беріп, позитивті образ қалыптастырып жүрген танымал тұлғаны әсіресе, жастар жақсы көреді.
«Мені осындай биіктерге көтерген KazNARU — менің сахнадағы өнер жолымды бастаған алтын ұям! Өзім білім алған университетімнің бүгінгі дәуірлеген даңқына шын жүректен қуанамын! Білім қуған өнерлі жастарды осы қара шаңырақта оқуға шақырамын!» — дейді Нұрдәулет Шертім.
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
KazNARU – QS World University Rankings 2026 рейтингісінде Қазақстанның үздік ТОП-5 және үш негізгі көрсеткіш бойынша әлемнің 500 жетекші университеті қатарына еніп отыр.
KazNARU – Қазақстаннның техникалық ЖОО арасында 2025 жылғы ұлттық рейтингті бастаған көшбасшы университет!
Халықаралық академиялық аренада үздік деп танылған университетте оқып, екі дипломға ие болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Келіңіздер! Толық ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясына хабарласыңыздар!
Тел.: +7 (727) 264-06-13
WhatsApp +7 747 264 08 54
e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru
KazNARU коды 024.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8. Бас оқу ғимараты
KazNARU Баспасөз қызметі