KazNARU

2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУҒА МЕМЛЕКЕТ 77 084 БІЛІМ ГРАНТЫН БӨЛДІ

Бұл туралы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Айнұр Қайырбаева атап өтіп, білім беру грантының конкурсына қатысу тәртібімен таныстырды.

✅ Құжаттарды талапкерлер KazNARU Қабылдау комиссиясына 13-20 шілде аралығында офлайн немесе eGov арқылы онлайн түрде тапсыра алады.

✔Белгіленген үлгі бойынша өтініш;

✔жеке куәлік (түпнұсқа және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі);

✔ҰБТ сертификаты (16.05.2025-07.07.2025 аралығындағы негізгі ҰБТ);

✔орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом (түпнұсқа);

✔конкурсқа қатысу үшін жеңілдетілген санатқа жататындығын растайтын құжаттар;

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті QS World University Rankings 2026 рейтингісінде Қазақстанның үздік ТОП-5 және үш негізгі көрсеткіш бойынша әлемнің 500 жетекші университеті қатарына еніп отыр.

✅ Сондай-ақ, KazNARU «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі – Rating» (IQAA – Ranking) Ұлттық рейтингі – 2025 бойынша Қазақстанның жетекші техникалық ЖОО арасында көш бастады.

✅ Халықаралық академиялық аренадағы абырой-беделі нығайып келе жатқан үздік университетте оқып білім алып, екі дипломға ие болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

✔ Қосымша ақпарат бойынша Қабылдау комиссиясыына хабарласыңыздар.

Тел.: +7 (727) 264-06-13

WhatsApp +7 747 264 08 54

e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru

KazNARU коды 024.

✅ Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8. Бас оқу ғимараты

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник