KazNARU

Бішкекте Орталық Азия елдерінің кәсіби білім беру бойынша қорытынды шарасы өтуде!

Маусым айының 23-24 жұлдызы күндері Бішкек қаласында Deutsche Gesellschaft für internationale Zusam-menarbeit (GIZ) GmbH (Германияның Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы) жүзеге асырып жатқан «Орталық Азиядағы экономикалық өсім секторларына арналған Кәсіби білім беру» (PECA) жобасының қорытынды іс-шарасы өтілуде.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің білім және еңбек министрліктерінің өкілдері, Германия Федеративтік Республикасының Қырғызстандағы Елшілігі, сондай-ақ түрлі оқу орындары, салалық қауымдастықтар мен жеке мекеме өкілдері қатысуда.

Іс-шараның алғашқы күнінде, қатысушыларға PECA жобасының негізгі нәтижелері таныстырылды. Бұл жобаның басты мақсаты – азық-түлік өнеркәсібі мен логистика салаларына қажетті білікті мамандарды даярлау. Сонымен қатар, И. Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінде сүт және наубайхана өнімдерін дайындау бойынша шеберлік сабақтары өтілді.

Шараның екінші күнінде, қатысушылар Compass College және М.Т.Ибрагимов атындағы Кара-Балта техникалық-экономикалық колледжіне барды. PECA жобасы қолдауымен дуалды оқыту жүйесі мен заманауи зертханалар, өндірістік цехтар іске қосылған.

PECA жобасы аймақтық ынтымақтастықты нығайтып, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талабына сай етуге зор үлес қосып, шараны ауқымды түрде өткізді!

#GIZ #PECA #KazNARU

---------Chatbot---------
виртуальный помощник