ТАҒЫ ДА СҮЙІНШІ..! KazNARU – ҚАЗАҚСТАНННЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОО АРАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГТІ БАСТАДЫ
«Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі – Rating» (IQAA – Ranking) Қазақстанның жетекші университеттерінің ұлттық рейтингі - 2025 нәтижелерін шығарды.
Биылғы жылы институционалдық рейтингке 6 санат бойынша 30 жетекші университет қатысты: көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педагогикалық, медициналық және жаңа санат – өнер және спорт университеттері.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті аса жоғары бәсекелестік және жан-жақты терең бағалау нәтижесінде Қазақстанның Ұлттық рейтингінде жетекші техникалық жоғары оқу орындары арасында 1-ші құрметті орынды иеленді.
Ұлттық рейтинг академиялық статистиканы талдау, сараптамалық бағалау және жұмыс берушілер, білім алушылар мен түлектер арасында сауалнама жүргізу негізінде қалыптастырылды.
Атап айтқанда: институционалдық рейтингті есептеу әдістемесі 5 құрамдас бөлікке негізделді:
№1 сауалнама –ЖОО академиялық ресурстарының сапасын бағалау;
№2 сауалнама – ЖОО қызметінің сапасын сараптамалық бағалау;
№3 сауалнама – жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдарға әлеуметтік сауалнама жүргізу негізінде ЖОО қызметін бағалау;
№4 сауалнама – студенттерге әлеуметтік сауалнама жүргізу негізінде ЖОО қызметін бағалау;
№5 сауалнама – түлектерге әлеуметтік сауалнама жүргізу негізінде жоғары оқу орындарының қызметін бағалау.
Бұл озық жетістіктер – KazNARU-дағы командалық бірліктің, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен нақты жоспарлаудың, аграрлық ғылымды әлемдік деңгейде дамытудағы жарқын қадамдардың нәтижесі!
Университет ұжымын абыройлы жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа биіктіктерден көріне беруіне тілектеспіз!
KazNARU Баспасөз қызметі