ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
Нарықта сұранысқа ие су шаруашылығы мамандарын даярлау мақсатында құрылған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің Филиалы екінші жыл абитуриенттер қабылдайды.
2025-2026 оқу жылына ТИИИМСХ филиалына В082 (KZ-UZ-024) “Су ресурстары және суды пайдалану” ББТ бойынша 100 орын грант берілді. Бейіндік пәні: математика-физика.
Оқуға түсу үшін шекті балл – 50. (Математикалық сауаттылықтан - 3 балл, Қазақстан тарихынан - 5 балл жинауы тиіс). Қандас категориясы барлар ҰБТ тапсырған болса, шекті балл жинамай-ақ конкурсқа түсе алады!
Жаңа инновациялық технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті су шаруашылығы мамандарын даярлау 2+2 принципімен жүзеге асырылады. Студенттер 1-2 курста KazNARU базасында, 3-4 курста ТИИИМСХ (Ташкентте) оқиды. Бітіруші түлектер екі университеттің дипломын алып шығады.
Құрметті талапкерлер! Сіздерді Орта Азияда теңдесі жоқ жаңа оқу ордасы – су шаруашылығы мамандарын даярлайтын жаңа Филиалда жоғары білім алуға шақырамыз!
Толық ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясына хабарласыңыз!
Тел.: +7 (727) 264-06-13
WhatsApp +7 747 264 08 54
e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru
KazNARU коды 024.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8. Бас оқу ғимараты
KazNARU Баспасөз қызметі