KazNARU

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

✅ Бүгінгі күнге дейін «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты тақырыппен облыстар орталықтары мен және аудан мектептерінде офлайн/онлайн форматта өткізілген іс-шараларда барлығы 115 мыңдай оқушы қамтылды. Нәтижесінде 7375 талапкер QR-код арқылы университет базасына тіркелді. Талапкерлер арасында құжат тапсыруға ниет білдіргендер аз емес. Бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасуда.

✅ Атап айтқанда, «Ветеринария және зооинженерия» факультеті “Биологиялық қауіпсіздік” кафедрасының профессорлары Е.Ш. Махашов, Г.Д.Ильгекбаева, қауымдастырылған профессор С.С. Усмангалиева және лаборант Б.А.Валиева Алматы қаласындағы М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясында;

✅"Зооинженерия және биотехнология" кафедрасының профессоры Батырхан Буралхиев Түркістан облысындағы Қасымбек датқа ауылындағы №29 “Керім Тленчин” атындағы орта мектепте; «Ветеринариялық санитария» кафедрасының профессоры Н.Б.Сарсембаева Алматы қаласындағы №122 мектеп-гимназияда;

✅ "Микробиология, вирусология және иммунология" кафедрасының қауым. профессорлары Светлана Ермағамбетова, Динара Сарыбаева, ассистент Ляйля Бесембаева, PhD докторант Ермек Құлпыбай Алматы облысы Қарасай ауданының Абай ауылындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы жане №2 орта мектептерінде;

✅ "Микробиология, вирусология және иммунология" кафедрасының аға оқытушылары Қайрат Орынтаев, Зубайра Қожахметова, Арман Жылқайдаров, қаум. профессор Рая Мықтыбаева, Алматы облысы Еңбекші Қазақ ауданының (Көктөбе, Жандосов ат., Шорманов ат., Төлеби) орта мектептерінде;

✅ «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының меңгерушісі А.Ниязбаев, профессор м.а. Н.Абдильдин және аға оқытушы А.Ардақова Алматы қаласындағы І.Жансүгіров атындағы №130 гимназиясында және А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында; Осы кафедраның қауым. профессорлар Тойлыбаев М.С., Илямов Х.М Талғар қаласындағы Абай ат. Және Ахмет Байтұрсынұлы ат. №7- мектеп лицейінде;

✅ «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының қызметкерлері ф.ғ.к. С.А.Итегулова мен аға оқытушы Ч.С.Абдылдаева Алматы қаласы №144 мектеп-гимназиясында;

✅ «Инженерлік технологиялар» факультетінің оқытушысы Шахмира Исмайлова Жетісу облысы, Атамекен ауылындағы А. Розыбакиев атындағы және Төменгі Пенжім, Жаркент қаласындағы Еңбекші және Х.Хамраев атындағы орта мектептерде; "Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасының профессоры Әбдіманап Оспанов және кафедраның PhD, aға оқытушылары - Дулат Жалелов; Айгүл Алмағанбетова, Динаш Нұрдан Алматы қаласындағы №42 орта мектепте; Қауымдастырылған профессорлар Қозықан Сабира, Искакова Жанат және кафедраның aға оқытушысы Исматуллаев Саттар Алматы қаласындағы №121 орта мектепте; «ІТ-технология» кафедрасының оқытушылары: Г.О.Сейдалиева, Ж.С.Чингенжинова, Г.Е.Сапиева Алматы облысы, Талғар ауданындағы Алматы экономикалық-құқықтық және педагогикалық колледжі және №45 мектеп-гимназияда;

✅ «Жеміс-көкөніс, өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, х.ғ.к. Рысқалиева А.Қ. 16 Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында;

✅ Профессорлар Куппаева Б.Т., Нурбаева Л.Б., Сембаева М.М., Назарова М.Ш. Алматы қаласындағы Әди Шәріпов ат. №16 және №96 орта мектептерде, С.Ходжиков ат. №39 мектеп-лицейде;

✅ «Бизнес және құқық» Жоғары мектебі деканының орынбасары Зейнеп Сүндет Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектепте; "Есеп, аудит және қаржы" кафедрасының аға оқытушылары: Шегір Ғ.Б. және Найманова Ж.Т. Алматы қаласындағы Әл Фараби атындағы №145 мектеп гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенділікпен жүргізді.

✅ Қазіргі уақытта мектептерде оқу жылының соңғы аптасы аяқталуына байланысты, ендігі кездесулерді ҰБТ өткізілетін алаңдарда жалғастыру көзделіп отыр.

✅ Бұл ретте Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ақылбек Күрішбаевтың кәсіби бағдар беру жұмыстарын күшейту және аграрлық мамандықтарды насихаттау арқылы мектеп бітірушілерді барынша көптеп тарту туралы тапсырмасы басты назарға алынады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник