"ТМД ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ" халықаралық байқауы нәтижесі!
18.01.2026 ж. IT-технологиялар кафедрасының «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Якунин Андрей Александрович жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін, кәсіби ойлау қабілетін және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған «ТМД ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ» халықаралық байқауына қатысты.
Аталған байқау ТМД елдерінің инновациялық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны іске асыру аясында ұйымдастырылып, дарынды жастарды қолдауға, ғылыми өзара іс-қимылды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Байқау қорытындысы бойынша Якунин А.А. ғылыми қызметтегі белсенділігі мен жоғары жетістіктері үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды. Мақала тақырыбы «Білім беру үдерісіндегі SCADA жүйелері». Ғылыми жетекшісі: PhD, Ахметова А.М.
https://digitalbusiness.kz/2026-04-20/kazahstanskiy-student-vnedril-promishlennie-tehnologii-v-uchebu-i-stal-luchshim-molodim-uchenim-sng/

Студентімізді лайықты жетістігімен құттықтаймыз және ғылыми-зерттеу, кәсіби қызметіне толағай табыс тілейміз!
«Заманауи ғылым» республикалық ғылыми жұмыстар байқауының нәтижелері
2026 жылғы 28 ақпан күні 6B07101 – «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Якунин Андрей XIII Республикалық мектеп оқушылары мен студенттердің арасында «Заманауи ғылым» ғылыми жұмыстар байқауында III орын иеленді.
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Нұржаубаева Р.Б.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы – Астана қаласындағы «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы болды. Байқау еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды және мақсаткер жастарды тұрақты түрде біріктіріп келеді.
Байқау аясында қатысушылар өздерінің ғылыми жобаларын ұсынып, жоғары дайындық деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білу дағдыларын көрсетті.

«IT-Innovation 2026» атты жобалар байқауы
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 25 жылдығына орай Жалпы білім беру пәндері кафедрасы 2026 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері мен Ирландия мемлекетінің Дублин университетінің студенттері арасында ақпараттық технологиялар саласында инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған «IT-Innovation 2026» атты жобалар байқауын өткізділді.
Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізілді:
- Жасанды интеллект;
- Мобильді қосымшалар;
- Веб-жобалар және платформалар;
- Робототехника;
- Білім берудегі IT шешімдер;
- Цифрлық стартап жобалар.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 34 жоба келіп түсті. Шет елдерден, мысалы Ирландияның Дублин университетінен 1 студент жобасымен қатысты. Солардың ішінен біздің 3 курс 6В06102 "Ақпараттық жүйелер" мамандығының студенті Гусейнов Эмран Рафикович қатысты. «IT-Innovation 2026» атты жоба байқауына белсенді қатысқан үшін Алғыс хат пен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының магистрі Нұржаубаева Р.Б.
https://www.nmu.edu.kz/it_innovation_2026_zhoba-otti/

«Huawei базасындағы желілік технологиялар» республикалық жоғары оқу орындары арасындағы олимпиадасы
22-26.04.2026 ж. "Су ресурстары және IT-технологиялар" факультетінің студенттері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Huawei базасындағы желілік технологиялар» республикалық жоғары оқу орындары арасындағы олимпиадасына қатысты.
Байқауға «6B06103 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «6B06102 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламаларының студенттері: Котов Александр Валерьевич, Климов Георгий Александрович және Абдрасилов Бақдәулет Бахтижанұлы қатысты.
Олимпиада студенттерге бағытталған және ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ бұлттық технологиялар, киберқауіпсіздік, желілік инфрақұрылым және жасанды интеллект салаларындағы заманауи жетістіктермен таныстыруға арналған.
Қатысушылар университет намысын лайықты қорғап, IT-технологиялар саласындағы жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби дағдыларын көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша студенттер белсенді қатысқаны үшін Сертификаттармен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының магистрі Абиева А.Ж.
.jpeg)
«Smart Agroscience: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» халықаралық конференциясы!
«Smart Agroscience: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» халықаралық конференциясы аясында «Су ресурстары және IT-технологиялар» секциясы өтті.
05-06.05.2026 ж. «Smart Agroscience: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» халықаралық конференциясы аясында IT-технологиялар кафедрасының студенттері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өткен «Су ресурстары және IT-технологиялар» секциясының жұмысына белсенді қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша біздің студенттер жоғары нәтижелер көрсетті:
🥈 II орын — Якунин Андрей Александрович «Білім беру үдерісінде SCADA-жүйелерін қолдану» тақырыбындағы баяндамасымен. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ЖАК доценті Оспанов С.С.
🥉 III орын — Абдрасилов Бақдәулет Бақытжанұлы «Кеңейтілетін контентті басқару жүйесі бар модульдік білім беру веб-платформасының архитектурасын әзірлеу» тақырыбындағы баяндамасымен. Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, доцент Тенгаева А.А.
Қатысушыларды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз және ғылыми әрі кәсіби қызметтеріне толағай табыс тілейміз!
.jpeg)
http://www.kaznaru.edu.kz/kz/news/11268
Біздің студенттер —"Prompt Play Hackathon 2026" қатысушылары!
2026 жылғы 16 мамыр күні ВТ-23-11К тобының студенттері — Молдақанов Қ., Худайберген Е., Амангелді М. Халықаралық «Prompt Play Hackathon 2026» хакатонының бірінші кезеңіне қатысты.
Хакатон аясында қатысушыларға геймификация және жасанды интеллектке арналған prompt engineering технологияларын қолдану арқылы таңдалған мәселені шешуге бағытталған өнімнің прототипін әзірлеу тапсырылды. Біздің студенттер жоғары дайындық деңгейін, креативті ойлау қабілетін және заманауи IT-технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті.
Халықаралық хакатондарға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, командалық жұмыс тәжірибесін арттыруға және жасанды интеллект саласындағы заманауи бағыттарды меңгеруге мүмкіндік береді.
Бірінші кезең қорытындысы бойынша студенттеріміз белсенді қатысқаны үшін арнайы қатысушы сертификаттарымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: техникалық ғылымдарының магистрі Сапиева Г.Е. Бұл олардың кәсіби дамуға деген ұмтылысы мен еңбегінің нәтижесі болды.




Студенттерімізді сәтті қатысуымен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!